Асу Алмабаев UFC-дің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
UFC ең жеңіл салмақ дәрежесінде 7-орында тұрған қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев ұйымның бұрынғы чемпионы, қазіргі рейтингте 4-орында тұрған Брэндон Мореномен кездеседі, деп хабарлайды Sport+ «Вестник ММА» парақшасына сілтеме жасап.
Жекпе-жек 2026 жылдың 28 ақпанда Мексико астанасы Мехикода өтетін UFC Fight Night турнирінде, Arena CDMX кешенінде өтеді.
Бұл Алмабаев үшін мансаптағы ең маңызды сынақтардың бірі болмақ. Морено — дивизионның ең танымал әрі тәжірибелі спортшыларының бірі, бұрынғы чемпион және бірнеше титулдық жекпе-жектердің қатысушысы.