Астанада сенсация орын алды (видео)

Астанада сенсация орын алды (видео)

«Астана» Ұлттық лиганың жартылай финалындағы ойынын бастады.

Қарсылас — тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша төртінші орын алған «Атырау барыстары».

Бірінші матчта астаналықтар қарсыласын 102:79 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл кездесуде «Астананың» ең нәтижелі ойыншылары Роберт Пан, Эрик Дэй және Адас Юшкавичюс болды. Олар сәйкесінше 18, 17 және 15 ұпай жинады.

«Барыстар» сапында ең көп ұпай жинаған Майкл Майс — 16 ұпай.

Ал екінші матчта мұнайлы астанадан келген қонақтар тосынсый жасап, екінші ширектен бастап бастаманы өз қолына алып, ойынды 90:76 есебімен жеңіспен аяқтады.

«Барыстардың» америкалық легионерлері Майкл Майс пен Мартэриус Джексон сәйкесінше 28 және 27 ұпайдан еншіледі.

«Астана» сапында ең нәтижелі ойыншы Эрик Дэй болды — 21 ұпай.

Енді командалар Атырау қаласында 15–16 мамыр күндері екі матч өткізеді. Жартылай финалдық серия 3 жеңіске дейін жалғасады.



Күн шежіресі