logo

Астанада «Азия балалары» ойындарына іріктеу жарысы басталды

Астанада «Азия балалары» ойындарына іріктеу жарысы басталды

«Барыс Арена» спорт кешенінің олимпиадалық бассейн базасында жүзуден 3 жас топтары арасында Астана қаласы ашық чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кеше 2008-2009 жылғылар мен одан кейінгі жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында су спорты түрлерінен еліміздің ашық біріншілігі басталған болатын. 4 күнге жалғасатын бәсекеде 64 жүлде жиынтығы сарапқа салынбақ.

«Додаға қатысуға Қазақстанның әр өңірінен 400-ден аса спортшы қатысуда. Қазіргі таңда жүзу спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Астаналық спортшылар көптеген жетістіктерімен ел спортының тарихында есімдерін қалдырып үлгерді.

Күні кеше айтулы мектептің тәрбиеленушілері Оңтүстік Кореяда академиялық ескек есуден өткен Азия кубогінде әйелдер құрамасы алғаш рет топ жарды. Сондай-ақ жігіттеріміз үздік үштіктер қатарынан көрінді», - деді №4 Балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Нұрбол Жарқынбеков.

Айтулы додада еліміздің барлық аймағы мен спорттық клубтар жүлде жолында сайысқа түседі. Жалпы 26 команда маусым айының соңында Якутия (Ресей) қаласында өтетін VIII «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындары жолдамасына бақ таластырады.



Күн шежіресі