logo

«Астана» француз легионерін қатарға қосты

«Астана» француз легионерін қатарға қосты

«Астана» баскетбол клубы команда құрамын американдық легионер Эрик «E.J.» Дэймен толықтырды, деп хабарлайды Sport+.

Эрик 1999 жылдың 4 маусымында АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Норуолк қаласында дүниеге келген. Бойы — 180 см (5’10–5’11»).

Колледжді тәмамдаған соң, ол кәсіби мансабын Еуропада жалғастырып, Кипрдің PAEEK, Латвияның BK Ogre және Францияның ALM Évreux Basket клубтарында өнер көрсетті.

PAEEK сапында ол ерекше нәтижелілігімен көзге түсті: орта есеппен 26,1 ұпай, 4,3 рет допты қайтарып алу, 5,1 нәтижелі пас және 1,3 допты тартып алу (18 матч, орташа 38,9 минут алаңда өткізген).

Латвияның BK Ogre клубында ойнаған кезде Латвия-Эстония лигасында жеке рекордын орнатып, бір ойында 8 нәтижелі пас берген.

2024/25 маусымында Францияның Pro B (екінші дивизион) лигасындағы Évreux сапында тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетті: орта есеппен 14,2 ұпай, 1,9 рет допты қайтарып алу, 4,2 пас және 1,2 допты тартып алу. Ойынға орта есеппен 25,2 минут қатысқан.



Күн шежіресі