БК «Астана» 2025/26 маусымына арналған жаңа жаттықтырушылар штабын жариялады

«Астана» баскетбол клубы алдағы маусымда командамен жұмыс істейтін жаңа жаттықтырушылар штабын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Sport+.
Клуб басшылығы жаттықтырушылар құрамын толық жаңарту туралы шешім қабылдаған.
Бас бапкер қызметіне литвалық маман Рамунас Цвирка тағайындалды. Ол жаттықтырушылық мансабын 2004 жылы бастаған және клубтық деңгейде де, халықаралық аренада да мол тәжірибеге ие. Оның жетістіктеріне «Азовмаш» клубымен бірге Украина чемпионаты мен кубогын жеңіп алуы (2008), «Химки-2» жастар командасымен жемісті жұмыс, Жастар ВТБ лигасы мен EYBL U20 жарыстарындағы жеңістер, сондай-ақ 2018 жылы Литваның «Невежис» клубымен бірге Еурокубоктың ТОП-16 кезеңіне шығуы кіреді.
Цвирка Қазақстанда да өзін жақсы қырынан көрсете білді: 2023/24 маусымында командасын чемпион атандырса, 2024/25 маусымында екінші орынға жеткізді. Осы екі маусымның қорытындысы бойынша екі рет қатарынан елдің үздік бапкері атанды.
Бас бапкердің көмекшілері болып тағайындалғандар:
— Дайнюс Шаленга — 2003 жылғы Еуропа чемпионы, ФИБА Challenge кубогының иегері. Ойыншы ретінде «Жальгирис», «Акасвае» (Жирона), «Будивельник» клубтарында өнер көрсеткен. Жаттықтырушы ретінде CBET және Pieno Zvaigzdes клубтарында жұмыс істеген.
— Антон Пономарев — қазақстандық баскетбол тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі. Бұрын «Астана» және «Спартак-Приморье» клубтарында ойнаған, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Енді ол бапкерлік штаб құрамында жұмысын жалғастырады.
Жаңартылған жаттықтырушылар штабы қазірдің өзінде жұмысқа кірісті және команда жаңа маусымға дайындықты жақын арада бастайды.