Алматыда таеквондодан (WT) Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда таеквондодан (WT) Қазақстан чемпионаты өтеді

4–6 қараша аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ересектер арасында таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+. 

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 өңірінен 350-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Чемпионатта әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегерлері, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстан намысын қорғап жүрген жетекші спортшылар медальдар үшін бақ сынайды.

Ерлер:

Жавохир Исламов (58 келіге дейін), Ғазез Нұрбек (63 келіге дейін), Самирхон Абабакиров (68 келіге дейін), Бекасыл Ергеш (74 келіге дейін), Нұрлан Мырзабаев (80 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары).

Әйелдер:

Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Жанель Сұлтанғалиева (49 келіге дейін), Азиза Караджанова (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Нұрай Қазнабек (62 келіге дейін), Нұрай Хусайнова (67 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін), Евгения Каимова (73 келіден жоғары).

Чемпионат қорытындысы бойынша келесі жылға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының жасақталатын құрамы анықталады.

Жарыс бағдарламасы

4 қараша

Ерлер: 54, 58 келіге дейін.

Әйелдер: 49, 73 келіге дейін және 73 келіден жоғары.

5 қараша

Ерлер: 68, 74 келіге дейін және 87 келіден жоғары.

Әйелдер: 46, 62, 67 келіге дейін.

6 қараша

Ерлер: 63, 80, 87 келіге дейін.

Әйелдер: 53, 57 келіге дейін.



Күн шежіресі