logo

«Астана» – 2024/25 жылғы Қазақстан чемпионы

«Астана» – 2024/25 жылғы Қазақстан чемпионы

Қазақстан астанасында ерлер командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының үшінші ойыны өтті. Бұл кездесуде елордалық «Астана» мен алматылық «Ирбис» командалары сынға түсті, деп хабарлайды Sport+.

Ойын нәтижесі – 101:83, жеңіс «Астана» командасының еншісінде.

Ең көп ұпай жинаған ойыншы – «Ирбис» сапындағы америкалық баскетболшы Альфонсо Уиллис, ол 25 ұпай еншіледі. Алматылық Александр Жигулин мен астаналық Григорий Мотовиловтың еншісінде – 22 ұпайдан.

Бұл жеңіс «Астана» үшін Ұлттық лигадағы тарихтағы он екінші чемпиондық болды. Маусым қорытындысы бойынша «Барыстардың» бас бапкері Рамунас Чвирка маусымның үздік жаттықтырушысы болып танылды. Сондай-ақ әр командадағы үздік ойыншылар анықталды: «Астана» сапында — Амирали Сүлейменов, «Ирбис» сапында — Николай Бажин.

Алматылықтар үшін бұл матчпен маусым аяқталса, «Астана» командасы 7 мамыр күні Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады. Онда команда Батыс Азия лигасының финалдық кезеңіне қатысады.



Күн шежіресі