logo

Леброн Джеймс алғаш рет НБА Жұлдыздар матчін жіберіп алды

Леброн Джеймс алғаш рет НБА Жұлдыздар матчін жіберіп алды

«Лос-Анджелес Лейкерс» жұлдызы Леброн Джеймс 2025 жылғы НБА Жұлдыздар матчін өткізіп алуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Sport+.

ESPN дерегіне сәйкес, 40 жастағы баскетболшы сол аяғындағы табан мен голеностоптағы ауырсынуына байланысты алаңға шыға алмады. Осы жарақатының салдарынан 8 ақпанда «Индианаға» қарсы өткен ойынды (124:117) да жіберіп алған.

«Мен таңертең өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін деп ойладым, бірақ жағдай мен күткеннен өзгеше болды», – деп түсіндірді Леброн жарақатына байланысты шешімін.

Бұл – Лебронның мансабындағы алғашқы жағдай, ол бұған дейін 20 жыл қатарынан Жұлдыздар ойынына қатысып келген.

Айта кетейік, Леброн Джеймс НБА тарихындағы Жұлдыздар матчіне ең көп шақырту алған ойыншы атанды – ол 21 рет қатарынан бұл шараға таңдалған.



Күн шежіресі