logo

Әсел Қанай: Ең ыстық жеңістер мен қиын сәттер туралы

Әсел Қанай: Ең ыстық жеңістер мен қиын сәттер туралы

Каратэден Азия чемпионы Әсел Қанай Sport+ телеарнасындағы «Бірге-бір» бағдарламасының құрметті қонағы болып, өзінің спорттық жолындағы ең ыстық жеңісін еске алды.

«Алғаш рет Португалияда каратэден Премьер-лига турниріне қатыстым. Сол жерде финалға дейін жеттім. Өзімді олимпиадалық цикл аяқталғаннан кейін ғана көрсете бастадым. Осы тұрғыда сәл өкінішім бар», – деп бөлісті Әсел.

Сонымен қатар, ол мансабындағы ең ауыр жекпе-жектердің бірін еске алды:

«Ташкентте өткен Азия чемпионатының алдында мен Бакуде өткен жарысқа қатыстым. Сол жарыста денемді қыздыру кезінде тобығымды жарақаттап алдым. Бірақ жарақатқа қарамастан, жекпе-жекке шығып, үшінші орынды жеңіп алдым. Кейін Шымкентте екінші орынды иелендім. Сәтсіздіктерге қарамастан, бапкерлер маған сенім артып, Ташкентке жіберді. Сол жерде мен Азия чемпионы атандым», – деді Әсел Қанай.

Әсел Қанаймен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы тамашалау аласыздар.