Артем Матусевич академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Артем Матусевич академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында 07:01.56 уақытта мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені португалиялық Жоау Велозу (06:59.96) иеленсе, күміс медаль Грекия өкілі Ангелос Каудиске (07:00.62) бұйырды.



Күн шежіресі