Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында алтын және қола медаль жеңіп алды

Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында алтын және қола медаль жеңіп алды

Қозғалмалы нысанаға оқ атудан Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Ирназарова чемпион атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы 10 метр қашықтықтан қозғалмалы нысанаға оқ атудан алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Фатима украиналық Виктория Рыбовалованы жеңді.

Ал қола жүлдені тағы бір қазақстандық Зухра Ирназарова иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде венгриялық Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиді жеңді.



Күн шежіресі