Артем Антропов Ильиннің кеңесі мен рекорды жайлы: Әрдайым ауқымды мақсаттар қою қажет

Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Артем Антропов Sport+ арнасына берген сұхбатында Илья Ильиннің рекордын жаңартқан сәттегі әсерімен бөлісті.
«Ол кезде салмақ дәрежелері өзгертілген еді, ал Илья 96 келіде өнер көрсеткен жоқ. Айта кету керек, мен бұзған рекорд жас Ильяныкі емес, тәжірибелі, қалыптасқан Ильяныкі болатын. Әрине, оның рекордын жаңарту — үлкен қуаныш. Әрқашан алдымызға үлкен мақсат қоюымыз керек — Қазақстанның үздік спортшыларын қуып жетіп, олардан озып түсу. Біз Ильямен бірге жаттыққанбыз. Кеңесі туралы? Дәл қазір есімде жоқ, өйткені мен кеңестерді көбіне залда есіме түсіремін — бірдеңе шықпай жатса, жаттығу барысында талдап, кім не айтқанын ой елегінен өткіземін. Жалпы алғанда, мен спортты жаттығу залынан тыс жерде ойламауға тырысамын».
Артем Антроповтың толық сұхбатын төменнен көре аласыз.