«Ақтөбе» тәжірибелі қазақстандық қорғаушымен келісімшартқа қол қойды
Тәжірибелі қазақстандық қорғаушы Тимур Досмағамбетов «Ақтөбе» клубының футболшысы атанды, деп хабарлайды Sport+.
Тимур бұған дейін 2010 жылы «қызыл-ақтар» сапында ойнаған. Сондай-ақ ол «Ақтөбеден» бөлек «Ордабасы», «Тараз», «Астана», «Тобыл» және туған клубы «Оқжетпес» командаларында өнер көрсетті.