«Ақтөбе» испандық «Вильярреалда» өнер көрсеткен ойыншыны қатырына қосты

«Ақтөбе» испандық «Вильярреалда» өнер көрсеткен ойыншыны қатырына қосты

«Ақтөбе» 28 жастағы испандық жартылай қорғаушы Пабло Альварес Гарсиямен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лангрео аймағының тумасы футболдағы жолын хихондық «Спортинг» және «Вильярреал» клубтарында бастаған. Сондай-ақ ол Испанияның «Алавес» және «Сан-Игнасио» жасөспірім командаларында ойнаған.

Содан кейін Гарсия Шығыс Еуропаға көшіп, Болгарияның «Черно Море» және Хорватияның «Риека» клубтарында өнер көрсетті. «Ақтөбеге» ол Украина командасы «Карпат» сапынан ауысты.



Күн шежіресі