«Тобыл» Гвинея құрамасының футболшысымен келісімшарт жасасты
Қостанайлық «Тобыл» 29 жастағы гвинеялық жартылай қорғаушы Абдулай Сиссемен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абдулай Сиссе кәсіби футболдағы жолын өз еліндегі «Фелло Стар» клубында бастады. 2014 жылы ол Францияға ауысып, «Анжемен» келісімшарт жасасты.
Әр жылдары хавбек Түркияның «Коджаэлиспор», «Менеменспор» және «Тузласпор» клубтарында өнер көрсетті. Футболшының соңғы клубы сербиялық «Нови Пазар» болды, оның құрамында ол шамамен 100 матч өткізіп, 14 гол соқты.
Халықаралық деңгейде Абдулай Сиссе Гвинея ұлттық құрамасы сапында 18 матчқа қатысты.