logo

Әлішер Абдулалим — WBA Asia белбеуінің иегері (видео)

Әлішер Абдулалим — WBA Asia белбеуінің иегері (видео)

Тараз қаласында өткен RD Promotion бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әлішер Абдулалим Қытайдан келген этникалық қазақ Есболат Серікпен (5-1, 3 КО) жұдырықтасты.

Олар бірінші орта салмақта титулдық кездесу өткізді: бәске WBA Asia нұсқасы бойынша бас чемпиондық белбеу тігілді. Жекпе-жек он раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Абдулалимнің жеңісімен аяқталды.