Әлімханұлы – Лара жекпе-жегі өтпейтін болды
2 желтоқсанда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлимханұлынан қараша айында алынған сынамадан мельдоний табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.
Соның нәтижесінде 7 желтоқсанда өтуі тиіс болған Әлимханұлының Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жегі тоқтатылды.
«Kazakh Style» орнына Лараға кеш ауысқан қарсылас — венесуэлалық Йохан Гонсалес шыққалы отыр.