Әліби Ыдырыс — The Ultimate Fighter реалити-шоуының қатысушысы

NAIZA лигасының ең жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Әліби Ыдырыс (10-0) американдық виза алды және TUF реалити-шоуының 33-ші маусымына қатысады, деп хабарлайды Sport+.
Шоудың барлық қатысушылары UFC жақын арада жариялайды. Жаңа маусымда ең жеңіл (57 кг) және жартылай орташа (77 кг) салмақтағы жауынгерлер ұсынылады.
TUF реалити-шоуында жауынгерлер бір базада тұрады, белгілі бапкерлердің қарамағында жаттығып, жобада қалу үшін жекпе-жектер өткізеді. Жеңімпаздар UFC-мен келісімшартқа отыруға мүмкіндікке ие болады.
Бұл жобада Майкл Биспинг, Тони Фергюсон, Нейт Диас, Рашад Эванс, Роберт Уитакер, Келвин Гастелум және басқалар жеңімпаз атанып, UFC-мен келісімшарт жазды.
Соңғы екі аусымда (31, 32 нөмірлі) жобаның бапкерлері Валентина Шевченко мен Алекса Грассо, Конор Макгрегор және Майкл Чандлер болды.