Әліби Теміртасов ММА-дан Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңді (видео)

Қарағандыда өтіп жатқан ММА-дан Қазақстан чемпионатының финалында 61,2 келі салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Әліби Теміртасов пен Астана қаласының спортшысы Жандос Ережепов кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Әліби Жандосты жеңіп, чемпионатта үздік атанды.