Александр Бублик мансабында алғаш рет топырақтағы ATP турнирінде жеңіске жетті

Әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик мансабында алғаш рет ATP 250 санатындағы топырақтағы турнирдің чемпионы атанды. Бұл жарыс Швейцарияның Гштаад қаласында өтті, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясына (ҚТФ) сілтеме жасап.
Финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы оңайға соқпаған матчта әлемдік рейтингте 109-орында тұрған аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп шықты.