logo

Александр Бублик: Үйде ойнау – ерекше жауапкершілік

Александр Бублик: Үйде ойнау – ерекше жауапкершілік

Қазақстанның бірінші ракеткасы, ұлттық құраманың көшбасшысы Александр Бублик елдегі ең ірі теннис оқиғасы — ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport+.

Бұл турнир 2025 жылдың 11–19 қазан аралығында Қазақстанның оңтүстік астанасы — Алматыда өтеді.

Александр Бублик — әлемдік турдағы ең жарқын әрі танымал ойыншылардың бірі. Ол жекелей сында ATP турнирлерінің бес дүркін чемпионы: АТР 500 Галле (2023, 2025), АТР 250 Монпелье (2022, 2024) және АТР 250 Антверпен (2024).

Алматыдағы бұл жарыс Александр үшін ерекше болмақ: ол алғаш рет ATP 250 Almaty Open турнирінде өз жанкүйерлері алдында, туған аренасында өнер көрсетеді.

«Үйде ойнау — бұл ерекше жауапкершілік және үлкен мотивация. Мен Алматы кортында ойнауды асыға күтіп жүрмін және жанкүйерлерімізді жарқын ойынмен әрі жақсы нәтижемен қуантуға үміттімін. Туған жердегі қолдау әрдайым күш береді», — деді Бублик.