logo

Жібек Құламбаева теннистен Қазақстан чемпионатына қатысады

Жібек Құламбаева теннистен Қазақстан чемпионатына қатысады

Қазақстанның төртінші ракеткасы Жібек Қуламбаева 21 шілдеде Астанада басталатын теннистен Қазақстан чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Жібектен бөлек турнирге Сандуғаш Кенжебаева, Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова және басқа да спортшылар қатысады.

Турнирге тіркелген барлық теннисшілердің толық тізімімен сілтеме арқылы танысуға болады.

Чемпионаттың барлық матчтары Орталық кортта тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.



Күн шежіресі