Бублик Шевченконы жеңгеннен кейін: Психологиялық тұрғыдан оңай матч болған жоқ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцариядағы турнирде отандасы Александр Шевченконы жеңгеннен кейін ATP баспасөз қызметіне сұхбат беріп, жеңісі туралы пікір білдірді.
— Бұл өте әдемі жер, бірақ теннис ойнауға ең қолайлы жағдай емес. Доп сәл ұшып кетеді. Сондықтан мұнда өткен сенбіде, ертерек келіп дайындалғаныма өте қуаныштымын. Психологиялық тұрғыдан бұл оңай матч болмады. Мен өз отандасыммен ойнадым, біз Дэвис кубогында бір командада болғанбыз. Сол себепті аздап қобалжыдым, бірақ ойынды жалғастырып, мүмкіндіктерімді пайдалана білдім. Бұл жеңіске өте ризамын, — деді Бублик.