logo

Александр Бублик Германиядағы турнирдің финалына өтті

Александр Бублик Германиядағы турнирдің финалына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 сериясындағы ірі турнирдің бас жүлдесі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жартылай финалда Бублик ресейлік Карен Хачановтан басым түсті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші жеңіліп қалды. Алайда кейін ойынның бағытын өзгертіп, жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 4:6, 7:6, 6:4.

Финалда ол ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі. Медведев жартылай финалда германиялық Александр Зверевті жарыс жолынан шығарған болатын. Финалдық матч 22 маусымда өтеді.