logo

«Аякс» жеңісті сериясын жалғастырып, Эредивизиде көш бастады (видео)

«Аякс» жеңісті сериясын жалғастырып, Эредивизиде көш бастады (видео)

Нидерланд чемпионатының 23-турында «Аякс» Эредивизидің аутсайдерлерінің бірі «Хераклесті» сенімді жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Амстердамдықтар алғашқы голын 17-минутта соқты – Мика Годтс мергендік танытты. 42-минутта Бертран Траоре Брайан Броббиді қақпа алдында керемет паспен қамтамасыз етіп, есепті еселеді.

Екінші таймда Оливер Эдвардсен мен Дэви Классен де гол соғып, «Аякс» 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс амстердамдықтарды Эредивизи турнир кестесінде бірінші орынға шығарды.