«Аякс» Лукаc Росаны қатарына қосты

«Вальядолид» қорғаушысы Лукас Роса «Аякс» сапына ауысты, деп хабарлайды Sport+ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бразилиялық футболшы «Вальядолид» құрамында 2021 жылдың шілде айынан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда ол 23 матчта 1 нәтижелі паспен көзге түсті.
Роса, сондай-ақ бұған дейін клубқа қосылған қақпашы Матеус 9 ақпанда жаңа командасы сапында дебют жасауы мүмкін. Бұл матчты тікелей эфирде Sport+ арнасынан көруге болады.