Жібек Құламбаева финалда сүрінді

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева — италиялық Николь Фосса Уэрго финалда тайбэйлік Ю-Юн Ли – қытайлық Зонгю Лимен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Тайбэйлік-қытайлық жұп матчты сәтті бастап, 4:1 есебімен алға кетті. Бірінші сетте сол басымдылықты сақтап қалды – 6:2.
Екіншісінде қазақстандық-италиялық дуэт дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:2. Дегенмен супер тай-брейкте тайбэйлік пен қытайлық спортшының бағы жанды – 10:6.
Финалдық бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.