Анна Данилина жұптық турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Кеше, 13 ақпанда, қазақстандық теннисші Анна Данилина Дохада (Катар) өткен жұптық разрядтағы турнирдің үшінші айналымында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport+.
Ширек финалда қазақстандық спортшы ресейлік Ирина Хромачевамен бірге ресейлік теннисшілер Мирра Андреева мен Диана Шнайдерден 4:6, 1:6 есебімен ұтылды. Матч бір сағат алты минутқа созылды.