«Жетісу» клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионы «Жетісу» желтоқсан айында Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына шақырту алды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық команда Түркияның «Вакыфбанк», Бразилияның «Сеси Волей Бауру» және Мысырдың «Аль-Ахли» клубтарымен бір топқа түсті.
Турнир 8-13 желтоқсан аралығында өтеді.