logo

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрам анықталды

Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрам анықталды

Шпагамен семсерлесуден Каирде (Мысыр) өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жарыста жеті спортшы ел намысын қорғайды. Ерлер арасында жүлде үшін Богдан Лукин, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин, Ансар Қасен, Нұржан Әбжанов, Нұрмұхаммед Балтабай, Нариман Уәлихан сайысқа түседі.

Әлем кубогы кезеңі 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді.