Жартылай финал үшін айқас: «Тұран» - «Тобыл» матчын қайдан көруге болады?

«Астананы» сенсациялық түрде жеңгеннен кейін «Тобыл» Түркістанға жол тартты. Онда команда Қазақстан Кубогының ширек финалында «Тұранға» қарсы ойын өткізеді.
Жұмасқалиевтің шәкірттері соңғы 6 матчтың тек біреуінде – сырт алаңда «Қайраттан» жеңіліп, қалған ойындардың бәрінде жеңіске жетті. Олардың қатарында Кубок аясындағы «Жетісуға» қарсы матч та бар.
Команданың шабуылшысы Николай Сигневич жақсы формада – қатарынан екі матчта гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені атағы үшін таласқа қосылды.
«Тұран» ширек финалға «Атырауды» 2:0 есебімен жеңіп шықты. Алайда осы жеңістен кейін үш матч қатарынан жеңіске жете алмады. Бұл серияны өткен демалыс күндері «Атырауды» жеңіп тоқтатты.
Өткен маусымда «Тобыл» «Тұранды» екі рет 2:0 есебімен жеңген еді.
Аталмыш кездесу 14 мамыр күні сағат 20:00-де өтеді. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.