logo

Қателікке жол жоқ: «Қызылжар» - «Елімай» матчы тікелей эфирде

Қателікке жол жоқ: «Қызылжар» - «Елімай» матчы тікелей эфирде

«Елімай» Қазақстан чемпионатындағы соңғы екі ойында жеңіліп қалды: алдымен өз алаңында 0:2 есебімен «Оқжетпеске», кейін Қобыланды батыр стадионында «Ақтөбеден» 0:1 есебімен жол берді. Енді команда Қазақстан Кубогының ширек финалын Петропавлда өткізеді.

Ал «Қызылжар» керісінше, Милич Чурчич келгеннен кейін өз ойынын тауып, жақсы нәтиже көрсете бастады – чемпионаттың соңғы бес ойынында төрт жеңіс және тек бір ғана жеңіліс (оның өзі «Тобылдан»).

Бұл екі команда қатарынан екінші жыл Қазақстан Кубогында бір-біріне қарсы ойнайды. Өткен маусымда «Елімай» «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңіп, жалғыз голдың авторы осы маусымда капитандық міндетті атқарып жүрген Никита Корзун болған еді.

Ендігі матч 14 мамыр күні сағат 18:00-де өтеді. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және sportplustv.kz YouTube арнасында көрсетіледі.