Жәмилә Бақбергенова — Албаниядағы рейтингтік турнирдің чемпионы
Албанияда өткен рейтингтік турнирдің финалында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қырғызстандық Нурзат Нұртаеваны бірінші кезеңнің алғашқы жартысында мерзімінен бұрын 14:3 есебімен жеңді.
Бұл — Қазақстан құрамасының әйелдер күресіндегі турнирдегі үшінші алтыны. Бұған дейін Зейнеп Баянова (50 кг) мен Лаура Алмағанбетова (55 кг) чемпион атанған болатын.