Жалғас Қайролла - дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы

Жалғас Қайролла - дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің чемпионы

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан дзюдо Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жалғас Қайролла финалдық белдесуде Молдова өкілі Петру Пеливанды жеңіп, турнир чемпионы атанды. Айта кетейік, 22 жастағы Жалғастың қарсыласы — Grand Slam турнирлерінің төрт дүркін жүлдегері және Masters турнирінің қола жүлдегері.

Бұл — Жалғас Қайролланың мансабындағы Grand Slam санатындағы алғашқы жүлдесі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы екі күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді



Күн шежіресі