Жағажайдағы волейболдан U18 әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

Жағажайдағы волейболдан U18 әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

Гаага қаласында (Нидерланд) жағажайдағы волейболдан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында Қазақстан құрамасының атынан Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш сынға түсті. Отандастарымыз «Е» тобында Чили, Эстония құрамаларын жеңіп, Литваға жол берді. Осылайша топтан екінші орынмен шығып, 1/16 финалда Польша құрамасына жол берді.

Ал әйелдер арасында Гаяна Галаш және Мерей Қожахмет ел намысын қорғады. «G» тобында өткен бәсекеде ұлттық құрама Латвия, Венесуэла және Канададан жеңіліп қалды. Осылайша топтық кезеңнен шыға алмады.