XII Дүниежүзілік ойындардың ашылу салтанаты өтті

Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындардың ресми ашылу рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 1993 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт ішінде отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алған. Ең үздік нәтижеміз 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штаты Бирмингем қаласында тіркелді – 1 алтын, 2 күміс және 1 қола.
Биылғы бағдарлама 34 спорт түрін қамтиды, жалпы 253 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 7–17 тамыз аралығында өтетін жарысқа 114 елден 4000 спортшы қатысады.
Қазақстан сапынан биыл рекордтық көрсеткіш – 8 спорт түрі бойынша 31 спортшы бақ сынайды. Олар мына спорт түрлерінде жүлде үшін таласады: WKF карате, муайтай, джиу-джитсу, спорттық және жауынгерлік самбо, құзға өрмелеу, садақ ату, спорттық акробатика және ушу.