logo

Волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталды

Волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аяқталды

Павлодарда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында екінші тур ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Жылдың соңғы кездесуінде вице-чемпион «Павлодар» мен Оралдың «Жайығы» алаңға шықты.
Бірінші партияда Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар 25:22 есебімен басым түсті.

Екіншісінде алаң иелері дәл сондай есеппен есе қайырды. Бұдан кейін «Жайық» дес берген жоқ — 25:20, 25:18. Қорытынды есеп — 3:1.

Осылайша, қатарынан он жеңіске қол жеткізген «Жайық» 31 ұпаймен жекедара көш бастаса, «Павлодар» (22 ұпай) бесінші орында қалды.

Екінші тур қорытындысы бойынша оралдықтардан байланыстырушы, украиналық Володимир Ковальчук, павлодарлық клубтан ресейлік Никита Козлов үздік ойыншы ретінде ескерткіш сыйлықпен марапатталды.

Енді ұлттық лига командалары жаңа жылда 20 қаңтарда Талдықорған қаласында бас қосады.