Волейболдан ел чемпионатының фавориті мықтылығын қайта дәлелдеп келеді

Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Тұран» (Түркістан) мен «Ақтөбе» кездесті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Өткен жылғы ел чемпионы «Тұран» ақтөбеліктерді 3:1 (25:16, 24:26, 25:22, 25:16) есебімен тізе бүктірді. Осылайша, Асқар Шалқыбековтің шәкірттері 31 ұпай жинап, төртінші орынға жақындай түсті. Төртінші сатыда 33 ұпаймен тұрған «Қарағанды» командасы қатарынан үшінші рет жеңіліп қалды.
Өз алаңында «Алматыдан» 3:0 (25:16, 25:17, 25:17) есебімен айласын асырған «Қуаныш» командасы ұпай санын 40-қа жеткізіп, үздік үштікті түйіндеп тұр. Клубтар сәрсенбі күні демалып, бейсенбіде ойындар қайтадан басталады.