logo

«Вест Хэм Юнайтед» «Бертон Альбионды» әрең жеңді (видео)

«Вест Хэм Юнайтед» «Бертон Альбионды» әрең жеңді (видео)

Англия кубогының 1/16 финалында «Вест Хэм Юнайтед» «Бертон Альбионды» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Негізгі уақытта командалар гол соға алмады, сондықтан матч тағдыры қосымша уақытта шешілді.

Кездесудегі жалғыз гол 95-минутта соғылды. Саммервилл мергендік танытып, лондондық клубты келесі кезеңге алып шықты.

Матчтың соңында «Вест Хэм Юнайтед» бір ойыншыға кем қалды — 102-минутта Поттс алаңнан қуылды. Алайда сандық басымдыққа ие болған «Бертон Альбион» есепті теңестіре алмады.



Күн шежіресі