«Утрехт» «Аякстың» чемпиондық қарқынын тоқтатты (видео)

Нидерланд чемпионаты — Эредивизиде күтпеген сенсация орын алды. «Утрехт» өз алаңында осы маусымдағы басты чемпиондық үміткерлердің бірі — амстердамдық «Аякс» командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 4:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ойынның басты кейіпкері қос голдың авторы атанған Мигель Родригес болды. Сонымен қатар, Себастьен Алле мен Пакстен Ааронсон да бір-бір голдан соқты.
Бұл жеңіліс «Аякс» үшін ауыр соққы болды, себебі команда осы кездесуге дейін жеңіліссіз келе жатқан еді және маусымның басты фавориті саналатын.