Үстел теннисі: Қазақстан құрамасы Қатардағы WTT Star Contender турниріндегі өнерін аяқтады
Үстел теннисінен Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан WTT Star Contender Doha халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының теннисшілері Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадирова өнер көрсетті. Олар іріктеу кезеңінде ойнап, жарыстың негізгі кезеңіне өте алмады.
Қазақстандық спортшылардың көрсеткен нәтижесі:
Жекелей сайыс:
Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) — 2:3
Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар) — 3:0
Сарвиноз Миркадирова — Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) — 0:3
Әйелдер арасындағы жұптық сайыс:
Сарвиноз Миркадирова / Лилу Массарт (Қазақстан / Бельгия) — Маника Батра / Дия Читале (Үндістан) — 0:3
Аралас жұптық сайыс:
Ескендір Харки / Сарвиноз Миркадирова — Чен Юнсонг / Цинь Юйсюань (Қытай) — 0:3