logo

UFC-дің бұрынғы жауынгері Сағын – Жұбаныш жекпе-жегіне болжам жасады: Бага Қазбектен мықты

UFC-дің бұрынғы жауынгері Сағын – Жұбаныш жекпе-жегіне болжам жасады: Бага Қазбектен мықты

UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұлов Sport+ сайтына берген сұхбатында өзінің командалас әріптесі Бағдат Жұбаныш пен Қазбек Сағын арасындағы жекпе-жекке болжам жасады.

«Алғашқы дайындық кезінде Багамен бірге болдым, тактика жағынан жұмыс жасадық, қажеттінің бәрін көрсетуге, өз тарапымнан көмектесуге тырыстым. Оның қазіргі бабы өте жақсы, Альхамдулиллах, бәлкім, бүкіл мансабындағы ең үздігі шығар. Ол Қазбектен мықты, мен оны фаворит деп санаймын, ол жан-жақты дамыған. Мен одан тек жеңіс күтемін. Бірақ бұл — жекпе-жек, Қазбек те осал емес, ол — әлемнің үш дүркін чемпионы. Дегенмен, менің бүкіл жаныммен қолдайтыным — Бага, оның бұл жекпе-жекте жеңіске жеткенін қалаймын», — Жұмағұлов. 

Жекпе-жек Қарағандыда өтетін NAIZA лигасының турниріндегі басты кездесу болмақ. Турнирді толығымен тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі