logo

Арман Оспанов UFC-дің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Арман Оспанов UFC-дің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Астана қаласында өтетін «Alash Pride» 108 турнирінің басты жекпе-жегінде — титандық шайқас: Арман Оспанов пен Ренан Барао кездеспек.

Ренан Барао — UFC жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, ММА тарихындағы ең ұзақ жеңісті сериялардың бірінің иегері (10 жыл бойы 32 жекпе-жекте жеңілмеген), бразильдық джиу-джитсудың шебері, қара белбеу иегері.

Арман Оспанов — жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан үш мәрте Әлем кубогының иегері, панкратионнан әлем чемпионы, қазақстандық ММА жұлдызы, Alash Pride турнирлерінің бірнеше мәрте жеңімпазы, ТМД-дағы ең көрнекті спортшылардың бірі. Еркін күрестен мықты негізі бар және жарылғыш техникасымен ерекшеленеді.

Жекпе-жек грепплинг ережелері бойынша өтеді.

Турнир 27 мамыр күні өтеді. Барлық жекпе-жекті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.