Уақытша чемпиондық белбеу үшін айқас: Open FC 69 турнирінің тікелей эфирі
Барнаулда аралас жекпе-жектен Open FC 69 турнирі өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы лиганың уақытша чемпионы белбеуі сарапқа салынады. Александр Новиков пен Рамазан Амиров тор ішінде бес раундтық жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Новиков қазақстандық жанкүйерлерге RCC лигасында Богдан Пшебельскиге қарсы өткізген жекпе-жегі арқылы таныс.
Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Гусейн Халиков өнер көрсетеді. Ол бұған дейін қазақстандық спортшылармен екі рет кездесіп, Досбол Елеген мен Теймур Жапаровты жеңген.
Толық файт-кард төмендегідей:

Турнир сағат 17:00–де басталады. Тікелей трансляцияны sportplustv.kz сайтынан көруге болады.