logo

Түркістанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы басталды

Түркістанда қазақ күресінен Қазақстан кубогы басталды

26-29 наурыз күндері аралығында Түркістан төрінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогы өтеді. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 369 балуан қатысады деп күтілуде.

Байрақты бәсекенің бағдарламасына сәйкес, ерлер -55, -60, -66, -74, -82, -90, -100, +100 және түйе балуан салмақ дәрежелері бойынша күш сынасады. Ал әйелдер -48, -52, -56, -60, -65, -70, -77 және +77 келі салмақтарында белдеседі. Сонымен қатар, жарыс бағдарламасына сәйкес, аралас командалық форматтағы командалық сайыс та қарастырылған.

Түркістан төрінде өтетін Қазақстан кубогы – елдің үздік балуандарын анықтайтын маңызды жарыстардың бірі. Бұл дода ұлттық спорттың дамуына серпін беріп қана қоймай, қазақ күресінің рухын асқақтатып, жас буынға үлгі болатын айтулы спорт мерекесіне айналмақ.



Күн шежіресі