Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

27-30 қазан аралығында Түркістан қаласындағы Olympic Center спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
Түркістан төрінде ерлер мен әйелдер 16 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Чемпионатқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан және өзге де 15-ке жуық елден 200-ге жуық балуан қатысады деп күтілуде.
Ел намысын қорғайтын ұлттық құрама сапында еліміздің ең таңдаулы балуандары бар.
Ерлер құрамасы:
55 кг – Архат Баймұрзин
60 кг – Нұртілек Қаракесеков
66 кг – Нұрғали Тұрсынғазиев
74 кг – Тілек Тоқтасынұлы
82 кг – Асылжан Кәрім
90 кг – Айдар Бескемпір
100 кг – Ерқанат Молдағұлов
+100 кг – Қайсар Шамшидинов
Әйелдер құрамасы:
48 кг – Айдана Хасенқызы
52 кг – Сағат Байғараева
56 кг – Ақнұр Асылбекова
60 кг – Назерке Асанхан
65 кг – Ұлдана Таңжарықова
70 кг – Ақбота Қыдырәлі
77 кг – Аружан Жандарбай
+77 кг – Арайлым Шегенова