Триатлоннан Түркістандағы Азия кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандықтар анықталды
8 тамызда Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының намысын 15 спортшы қорғайды.
Алдын ала берілген өтінімге Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова, Темірлан Теміров, Его Крупяков, Арлан Жаңабай, Максим Шмулич, Дарын Қонысбаев, Елмұрат Қанай, Әлінаби Маралбеков, Владислав Кельгин, Илья Крупяков, Аида Ким, Арина Шульгина, Рамина Ағабаева және Вероника Иванюк енді.