Трансфер машинасы маусымның екінші кубогына ұмтылуда. Милан — Рома матчының тікелей эфирі

«Милан» маусым барысында бас бапкерді ауыстырды, Италия Суперкубогын жеңіп алды, бірақ чемпионатта ойыны жүрмеуде — 8 орын, клуб бастықтары күткен жерде емес, сондықтан клуб трансфер терезесінде өте активті болды.
Трансферлік терезенің жабылуына таман миландық клуб 32 миллионға «Фейеноорд» жұлдызын Сантьяго Хименесті қатарына қосты. Ол шабуылда мәселелерді шешуге алынды. Сонымен қатар, «Монцаның» орталық жартылай қорғаушысы Варен Бондо сатып алынды, бұдан бөлек Жоао Феликс («Челси») жалға алынды және құрамға Рикардо Соттиль («Фиорентина») мен Кайл Уокер («Манчестер Сити») қосылды.
«Рома» дәл осындай жағдайда, тек римдіктер маусымның басынан бастап екі бапкерді, алдымен Де Россиді, содан кейін Юричті жұмыстан шығарды. Қазір команданы 73 жастағы Клаудио Раниери басқарады, ол маусымның соңында зейнетке шығатынын жариялады.
Өзінің керемет мансабын трофеймен аяқтау өте жақсы болар еді, бірақ егер А Сериясында команда, «Милан» сияқты, кестенің ортасында болса, онда Кубок өте жақсы жүлде болмақ.
Маусымның екінші жартысында Раниери мен компания құрамды күшейту бойынша бірнеше мәміле жасады. Атап айтсақ, Нидерланды Эредивизиясынан екі қапталда өнер көрсететін қорғаушы Аннас Салах-Эддин және Девайн Ренч алынды, сондай-ақ «Галатасарайдан» Виктор Нельссон және «Зальцбургтен» Люк Гурна-Дуат жалға алынды.
«Милан» мен «Рома» 2024 жылы төрт рет кездесті. Өткен маусымның соңында миландықтар өз стадионында 3:1 есебімен жеңіске жетті, содан кейін Еуропа Лигасының ¼ финалында «қасқырлар» 2:1 және 1:0 есебімен қос ойында жеңіс дәмін татты. Ал, осы маусымның өзара кездесуі 1:1 есебімен аяқталды.
Италия Кубогы аясындағы жаңа кездесу 5-6 ақпанға қараған түні сағат 01:00-де өтеді. Тікелей эфирде бұл ойынды Sport+ телеарнасынан, сонымен қатар sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.