logo

«Тобыл» құрамын жаңа легионер толықтырды

«Тобыл» құрамын жаңа легионер толықтырды

Черногориялық орталық қорғаушы Неманья Цавнич Қостанайдың «Тобыл» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+.

Неманья кәсіби мансабын Черногорияның «Зета» клубында бастады. 2018 жылы ол Данияға ауысып, бірінші лигадағы «Фремад Амагер» және «ХБ Кёге» клубтарында ойнады.

2024 жылдың ақпанында Цавнич Босния және Герцеговина Премьер-лигасының «Железничар» клубына ауысып, бір маусым ішінде команданың негізгі қорғаушыларының біріне айналды.

Жалпы мансабында Цавнич 330-дан астам матч өткізіп, 8 гол соққан. Сондай-ақ, ол Черногория жастар құрамасында да өнер көрсеткен.



Күн шежіресі