«Тобыл» ойыншыға 66 миллион теңге қарыз: клуб Спорттық арбитраждық сотқа жүгінді

18 қараша күні Швейцарияның Лозанна қаласында қостанайлық «Тобыл» футбол клубының қаржылық шағымы бойынша тыңдау басталды, деп хабарлайды Sport+.
2023 жылдың 12 шілдесінде Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Павел Забелин мен «Тобыл» арасында бір жарым маусымға еңбек келісімшарты жасалған болатын. Павел Забелин Қазақстан чемпионатында қостанайлық клубтың сапында 10 матч (818 минут) өткізіп, «Ақсуға» қарсы ойын барысында нәтижелі шабуылымен көзге түсті.
Алайда маусым аяқталғаннан кейін «Тобыл» басшылығы беларусьтік футболшымен біржақты келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылдады. Бұған жауап ретінде Павел Забелин ФИФА-ның дауларды шешу палатасына шағымданды. Тәуелсіз орган шешім шығарып, қазақстандық клубтың ойыншыға 66 112 606 теңге төлеуін міндеттеді.
Бұл шешіммен «Тобыл» келіспей, өз құқығын қорғау үшін Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сотқа жүгінуге мәжбүр болды.